weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Марқұм Жириновскийге Алматыда ескерткіш қоюды ұсыныпты

2026 жылы Қазақстанның оңтүстік астанасында ЛДПР негізін қалаушы Владимир Жириновскийдің ескерткіші ашылуы мүмкін,- деп хабарлайды newsroom.kz

Марқұм Жириновскийге Алматыда ескерткіш қоюды ұсыныпты

Ресейлік депутаттар Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай Алматыда оның ескерткішін ашуды ұсынды. Тиісті жарлыққа бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин қол қойған болатын.

Ол 2022 жылы 75 жасында қайтыс болды. Ресейде ресми рәсімдерден бөлек, Жириновский туралы фильмдердің көрсетілімі жоспарланған.

Көрсетілімдердің Қазақстанда өтетіні әзірге белгісіз.

Владимир Жириновский кім?

Саясаткер және Ресейдің либералды-демократиялық партиясының (РЛДП) 1992 жылғы құрылғанынан бастап өмірден озғанына дейінгі басшысы.Ол 1993 жылдан бастап Мемлекеттік думаның депутаты және 1993–2000 және 2011–2022 жылдар аралығында Мемлекеттік Думадағы РЛДП фракциясының жетекшісі болды. Жириновский Ресейдің 2004 жылдан басқа барлық президенттік сайлауына қатысты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→