weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өз отыңды өшірме: министр кабельді отқа жаға алмады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек брифинг барысында ерекше тәжірибе жасап көрсетті. Ол елімізде шығатын отқа төзімді кабельді жағып көрмек болғанымен, кабель жанбады деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.  

Өз отыңды өшірме: министр кабельді отқа жаға алмады
Бейнежазбадан сңриншот

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, ғимараттарда өрттің шығуына көп жағдайда кабельдердің ақауы әсер етеді. Енді бұл мәселенің шешімі бар. Мұның игілігін бізден бөлек, көрші елдер де  көре алады. Оның сөзінше, бұл Қазақстандағы ауыр ионды үдеткіштердің арқасында мүмкін болған.

"Елімізде мұндай жеті үдеткіш бар, бірақ көпшілік бұл туралы біле бермейді. Олар материалдардың қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы, “Қазэлектромаш” компаниясы отқа, суыққа және тіпті радиацияға төзімді кабельдер шығарады", – деді Саясат Нұрбек.  

Министрдің сөзінше, қазақстандық өнім экспортқа да жөнелтіледі. Былтыр алғаш болып Өзбекстан елі тапсырыс берген. Қазіргі таңда көрші ел оны теміржол компаниясында қолданып жатыр. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→