weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 ақпан, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

АҚШ-та әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер El Capitan іске қосылды

Калифорниядағы Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасында әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер Эль Капитан ресми түрде іске қосылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

АҚШ-та әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер El Capitan іске қосылды
Фото: Habr

Ол 1,742 эксафлоп өнімділігін көрсетіп, 2024 жылғы ТОП-500 суперкомпьютерлер рейтингінің көшбасшысы болды.

Эль-Капитан жобасының құны 600 миллион долларды құрайтын суперкомпьютер жер асты сынақтары болмаған жағдайда АҚШ-тың ядролық қару қоймаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, әртүрлі құпия тапсырмаларды шешеді.

Ол сондай-ақ жаңа материалдарды ашуға байланысты физика есептерінде де қолданылады.

El Capitan құрылысы 2023 жылдың мамырында басталып, 2024 жылдың қарашасында толықтай пайдалануға берілді. Livermore Lab 9 қаңтарда жүйенің іске қосылғаны туралы хабарлады. 
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→