weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 ақпан, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өзбекстан халқының саны 37,6 миллионға жетті

Өзбекстан халқының саны тұрақты өсуде. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігі  мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Өзбекстан халқының саны 37,6 миллионға жетті
Фото: Kun.uz

2025 жылдың 3 ақпанында сағат 20:20-дағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 37 600 339 адамды құрады, бұған дейін халықтың айлық өсімі орта есеппен 54,4 мың адамды құрап, тәулігіне шамамен 1,8 мың адамды құрайтыны хабарланған болатын.

Мәліметтерге сәйкес, жалпы өсімге қарамастан, Өзбекстанда 2024 жылы бала туу көрсеткішінің аздап төмендеуі байқалды. Бір жыл ішінде  926,4 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 мыңнан астам балаға аз.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→