weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 қаңтар, 2025 / Перизат Ілес / Кадрлар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысының әкімі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Фото: Inbusiness.kz

Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетін, Қазақ Гуманитарлық заң университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Мамандығы экономист, қаржы және несие, құқықтанушы.

Астана қаласы Есіл ауданды Мемлекеттік кірістер басқармасы, Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті және Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған.

Соңғы тағайындалуға дейін 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→