Біріккен Ұлттар Ұйымы осы айдың басында «Газа секторының солтүстігіндегі аудандарда ашаршылықтың жақындау ықтималдығы күшті» деп ескертті.
Айта кетелік, Палестина билігі Израильдің соққыларынан Газа бойынша 30-дан астам адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Газаның оңтүстігінде Израиль белгілеген әл-Маваси гуманитарлық аймағындағы шатырға жасалған соққыдан тағы төрт адам, оның ішінде екі бала қаза тапты.