Ақмола облысының мешітінде газ жарылып үш адам көз жұмды
Сабынды ауылындағы жарылыс салдарынан ғимарат толығымен қираған. Үйінді астынан ер адамның, әйел адамның және 12 жасар баланың мәйіттері табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Сондай-ақ, 16 адам жарақат алып, Астана қалалық ауруханасына жеткізілген. Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйінді астынан құтқарушылар алты газ баллонын шығарды.
Мәліметтер бойынша, аймақтық департаменттің базасында жедел штаб құрылды.