Алматыда қазан айында жоғалған қыздың денесі табылды
Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының өлі денесі табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының волонтерлері Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
1994 жылы туған Супатаева Әйгерім 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Әйгерім сол күйі үйіне оралмаған.