Жаңалықтар

Бишімбаевтың қай жерде жазасын өтеп жатқаны анықталды

ҚАЖК адвокат Жанна Уразбахованың Қуандык Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқан орны туралы сұрауына жауап берді. Бұл жауапты заңгер Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

"Қазіргі уақытта сотталған Бишімбаев К.В. Ақмола облысы ҚАЖ департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр (мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, промзона 7, 14 А ғимаратында)", - делінген жауапта.

Айта кетейік, аталған колония Астанадан үш сағаттық қашықтықта орналасқан.