Мелания Трамп Ақ үйде тұрғысы келмейтінін мәлімдеді

Қайта сайланған АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания Ақ үйде тұруға ниетті емес.

Getty Images

Мелания Трамп Нью-Йорк университетінде оқитын ұлы Бэрронның жанында көбірек уақыт өткізгісі келетіні айтты. Бұл туралы Newsroom.kz CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол көп уақытын Палм-Бич пен Нью-Йорк арасында өткізуді жоспарлаған.

Сонымен қатар, қайта сайланған президенттің жұбайы АҚШ-тың қазіргі бірінші ханымы Джилл Байденмен кездесуге қатысудан бас тартты. Бұл шешімді ол денсаулығының нашарлауымен түсіндірді.

Жүктелуде...