"Арам дүние керек емес" - "Қазақ аруы" жеңімпазы байқау туралы пікірін айтты

Ақкербез өз жеңісінің әділ екенін атап өтіп, ел арасында тараған қауесеттерге нүкте қойды.

Ақкербез Ысқаққызы. Фото: Instagram/aqkerbezm

Жуырда "Қазақ аруы – 2024" атағына ие болған Ақкербез Ысқаққызы өз жеңісіне байланысты пікір білдірді. Қызылордалық ару байқау нәтижесіне күмән келтіріп, өзін жеңісті сатып алды деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Newsroom.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен қарапайым отбасынан шыққан қызбын. Ата-анам кәсіпкер, төрт бауырым бар, мен үйдің кенжесімін. Отбасымыз үлкен – екі жеңгемізбен бір шаңырақ астында тұрамыз. Көп адам бізге "екі келін бір үйде қалай сыйып жатыр?" деп таңғалады. Бұл – ата-анамыздың тәрбиесінің, отбасымыздағы даналықтың арқасы. Менің ешқандай тіреушім немесе ауқатты қолдаушым жоқ. Көпшілік менің жеңісімді сатып алды деп ойлайды, бірақ маған ондай арам дүние керек емес. Бұл жеңіс маған әділ жолмен келді", – деді ол.

 

Жүктелуде...