Ақтөбе облысында қызы егде жастағы анасын өлтірді
73 жастағы әйелдің денесі 14 қараша күні таңертең Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылындағы өз үйінен табылды, деп хабарлайды Newsroom.kz CMN.KZ сілтеме жасай отырып.
«Зейнеткердің өлімі ішкі ағзаларының зақымдануынан болғаны анықталды. Күдікке марқұмның 48 жастағы қызы ілінді, ол анасын спирттік ішімдік ішкеннен кейінгі жанжал барысында ұрып-соқты деген болжам бар. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген материалда.