Жаңалықтар

"Хайуанаттар бағы емес": Бишімбаев халыққа неге көрсетілмейді?

Сенатордың айтуынша, журналистер үнемі Бишімбаевты көруді және тексеруді қалағанымен, оны көрсетпеу адам құқықтарын қорғаумен байланысты, деп хабарлайды Newsroom.kz.

"Егер ол өзін көрсетуге қарсы болса, ешкім оны мәжбүрлей алмайды. Бұл хайуанаттар бағы емес! Ол Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда отыр", - деді Марат Қожаев. 

Парламент ғимаратында журналистер сенатордан Бишімбаевтың түрмеде отырғанын дәлелдейтін суреттердің таратуға бола ма деп сұраған. Сенатор оларға ешқандай құпияның жоқтығын айтып, колониялардың қауіпсіздігі әртүрлі деңгейде болатынын түсіндірді.

"Ол Астанаға жақын орналасқан қауіпсіздігі жоғары колонияда жатыр. Мұндай колония тек Степногорск қаласында бар", - деді ол. 

Жақында YouTube арналарында Аршалыдағы колонияда Бишімбаевтың жоқ екені туралы ақпарат таралған еді, бірақ кейін қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі комитет оның Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеп жатқанын растады. Бишімбаевтың адвокаты да оның нақты қай жерде жазасын өтеп жатқанын хабарлады.