Қазақстан 1,153 миллиард долларлық ірі келісім орнатты

Бұл - Ислам даму банкі тарихындағы ең ірі қаржыландыру жобасы.

Фото: Ақорда

Бакудегі климаттық саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сүлейман Әл-Джассермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Newsroom.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді.

Климаттың өзгеруіне төзімді су ресурстарын дамытуға бағытталған жоба Қазақстанда сегіз су қоймасын, бір контрреттегішті және жеті өңірде жалпы ұзындығы 3 450 шақырымды құрайтын 115 арнаны салу және жаңғыртуды көздейді.

«Бұл ауылшаруашылық мақсатындағы 332 мың гектардан астам жерге тұрақты су жеткізуді қамтамасыз етеді», – делінген хабарламада.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың мәліметінше, келісім сомасы 1,153 миллиард долларды құрайды, оның ішінде 3,5 миллион доллар грант ретінде бөлінген.

Жүктелуде...