weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
31 қазан, 2024 / Перизат Ілес / Медицина
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ташкентке емделуге келетін балалардың 90 пайызы Қазақстаннан

Баласының дертіне Қазақстаннан ем тапппай, шекара асқандардың бірі алматылық Әлия Тағаева

Ташкентке емделуге келетін балалардың 90 пайызы Қазақстаннан
Фото: ашық дереккөзден

Көрші елдің мәліметінше, Ташкенттегі клиникаларға емделуге келетін бүлдіршіндердің 90 пайызы Қазақстаннан. Елімізде аутизмге шалдыққандар саны соңғы бес жылда бес есе өскен,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.

Баласының дертіне Қазақстаннан ем тапппай, шекара асқандардың бірі алматылық Әлия Тағаева. Ол 8 жасар қызын Ташкентке жыл сайын апарады. Мектеп жасына келсе де, тілі шықпаған бүлдіршін тұрақты емнің арқасында сөйлей бастаған.

"Үш жылдың көлемінде Ташкентте ем алып жатырмыз. Ол жақтың емі өзгеше. Он күнге он дәрі аламыз. Шамамен 250 000тг жұмсалады,- деді ол. 
 

Ал Балнұр Шамұратованың айтуынша Ташкенттегі емнен кейін оның баласының ауруы үдей түскен.

- Біз жақсы нәтижемен оралған жоқпыз. Бес екпе күніне қабылдайды. Сонда 10 күнде 50 екпе аламыз,- деді  Балнұр Шамұратова. 
 

Дәрігерлер баланың қиналғанына қарамастан, емге бірнеше жыл қатарынан үзбей келуге кеңес берген. Оның айтуынша, Ташкенттегі емханалар әлеуметтік желіде топ құрып, жарнаманы сонда жасайтын көрінеді.

Ташкенттегі клиникалардың біріне Jibek Joly арнасының тілшісі хабарласып көрген. Өзбек неврологы өзі қабылдайтын науқастардың 90 пайызы қазақ бүлдіршіндер екенін айтты.

Емге 10 күн сайын 160 бала қабылдаймыз. Мен өз басым әр балаға жауапкершілікпен қараймын. Дегенмен жасыратыны жоқ. Ташкентте болсын, Қазақстанда болсын, медицинадан тек бизнес көретіндер бар. Жалпы аутизммен ауыратын балаға кешенді ем көрсету керек, - деді дәрігер. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→