Жаңалықтар

Бүгін Алматыда қар жауады деп болжанды

Астана, Алматы мен Шымкентте 16 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда қар мен жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 9 градусқа дейін көтеріліп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,3 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін жетіп, түнде -3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 9 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с деңгейінде болмақ.