Жаңалықтар

Цирк әртісі Айдос Тоқтарбай трюк жасаймын деп мерт болды

Ел арасында "Буынсыз адам" ретінде есте қалған Айдос Тоқтарбай қайтыс болды. Жазушы Бейбіт Сарыбай оның неден көз жұмғанын айтты. Ажалдың себебі - өз кәсібіне берілгендік болып шықты. Трюк жасаймын деп қаза болған,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан? Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын", деп қайғысын білдірді жазушы.

Айта кетейік,  Айдос Тоқтарбай пышақ жұтып, кішкентай чемодан, әйнекке оңай сыйып, таңғаларлық трюктер жасайтын еді.