Жаңалықтар

Қарағанды облысында сарбаз өзіне қол салды

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505-әскери бөлімінің келісімшарт бойынша сарбазының мәйіті табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сарбаз 13 қазанда өз өзіне қол салған. Әскери қызметкердің мәйіті жұмыстан тыс уақытта тұрғылықты жеріндегі пәтерден табылды.

Айта кетелік, полиция аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.