Жаңалықтар

Қостанай облысында тұрғын үйдегі бес бала өртке оранып көз жұмды

Бүгін таңғы сағат 04.29-да Жітіқара қаласында жеке шаруа қожалығының аумағында тұрғын үй өртенді. Үй толығымен өртке оранып, шатыры опырылып түскен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балалар болған. Олардың мәйіттері үйінділерді тазалау нәтижесінде табылған. Ең үлкен бала 2011 жылы туған, жарақат алған жоқ.

Мәліметке сәйкес, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен. Ал күйеуі түрмеде.

Айта кетелік, өрт-техникалық тергеу тағайындалды. Психологтар туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр.