Жаңалықтар

“100 млн теңге табыс”: Заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырғандар ұсталды

Шымкентте заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі азамат 100 млн теңгеден астам табыс тапқан. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазір күдіктілерден жалпы сомасы 370 млн теңге болатын 1 мың дана биткоин өндіру жабдығы мен заңсыз өндірілген биткоиндар тәркіленді.

Сондай-ақ, қылмыскерлерді 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.