Жаңалықтар

Еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкенте 9 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, - деп хабарлайды newsroom.kz

Синоптиктер болжамынша, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с болмақ.

Астанада ақша бұлт болады деп болжанды. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін жетіп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с болады.

Шымкентте те күн ашық болады деп күтілуде.Күндіз термометр бағаны 27 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с деңгейінде болмақ.