Талдықорғанда “Айсұлу” тігін фабрикасының 70 қызметкері ұжым болып дауыс берді

Дауыс беру учаскесіне ұжыммен келіп, өз таңдауларын жасады

Фото: newsroom.kz

Қаламыздағы №402 дауыс беру учаскесіне келіп жатқан адамның қарасы көп. Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер де болды. Солардың бірі «Айсұлу» ЖШС тігін фабрикасының ұжымы,- деп хабарлайды turkistan.today

«Қазіргі уақытта фабрикада жұмыс қызу, алайда қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау барлығымыздың азаматтық борышымыз», - деп білетін ұжым, дауыс беру учаскесіне ұжыммен келіп, өз таңдауларын жасады.

Айта кетейік, жалпы халықтық референдумда қаламыздың барлық кәсіпорын ұжымдары да дауыс беріп, таңдауларын жасауда.

Жүктелуде...