Сараптама

“АЭС-ті бірден тұрғызу мүмкін емес”

Бүгін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Бейбіт атомды энергетикада, медицинада және зерттеулерде пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Іс-шараны университет пен ҚР Энергетика министрлігінің ұйымдастырып, оған энергетика және атом физикасы саласындағы жетекші сарапшылар атом энергетикасы мәселелерін талқылау үшін жиналды. Олардың қатарында Физика-техникалық институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Николай Чучвага және ФТИ-ның Ядролық физика және радиациялық экология зертханасының меңгерушісі Игорь Лебедев болды.

Жиынды университеттің Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Раиса Өскенбаева ашып, бейбіт атомның барлық өнеркәсіп салалары үшін маңызды екендігін атап өтті: 
— Бейбіт атомды қай салада болмасын, энергетикада, медицинада, біздің күнделікті өмірімізде пайдаланудың маңызы өте зор, – деп атай отырып, энергетика саласындағы мамандардың пікірі Қазақстанның болашағын анықтайтын шешім қабылдауда маңызды екенін жеткізді.

Қатысушылар атом энергетикасының барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты талқылап, қазіргі әлемде қойылған міндеттерді шешуге жарамды энергия көздерінің барлығына орын бар екенін атап өтті, алайда өнеркәсіпті қолжетімді және тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ету тұрғысынан бейбіт атомның баламасы жоқ.

Энергетика және машина жасау институтының директоры Қасым Елемесов атом саласы үшін кадрлар даярлау мәселесінің өзектілігін атап өтті:

Атом электр станциясын бірден тұрғызу мүмкін емес, — деді ол. — Мамандардың болжамы бойынша, бұл 16–20 жыл уақытты қажет етеді және осы уақыт ішінде біз жастарды даярлап, оларды осы салаға сендіруіміз керек, әрі алға қарай жылжытуымыз керек.

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі – табысты және тәуелсіз болашақ құру мәселесі болып табылады.
Жиында әсіресе атом энергиясын медицина мен өнеркәсіпте пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сарапшылар радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз басқару әдістері және атом энергетикасын әлемдік контекстте дамыту перспективалары туралы айтты. Атом энергетикасы парниктік газдар шығарындыларын азайтып, төмен көміртекті энергия көздеріне көшуге мүмкіндік беретін, электр қуатының тапшылығын қысқартатын болашақ энергетикалық жүйенің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.

Дөңгелек үстелдің модераторы «Жалпы физика» кафедрасының меңгерушісі Айдос Лесбаев болды.