Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ?

Астанада ауа райы болжамынша аспан ашық болады

Фото: Inbusiness.kz

Астана, Алматы мен Шымкенте 4 қазан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, аспан ашық болады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,5 м/с болады.

Шымкентте бүгін аздаған бұлт болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 30 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с деңгейінде болмақ

Жүктелуде...