Жаңалықтар

Елімізде Атом есімі қойылған 5 адам бар

Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады,- деп хабарлайды newsroom.kz 

Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі: 
- Атомжан — 2 адам 
- Атомбек — 6 адам 
- Атомвек — 2 адам 
- Атомтай — 1 адам

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.

Айта кетелік, бұл ретте елімізде Референдум есімді адам жоқ.