Жаңалықтар

Қызылордада пара берген имам қызметінен кетіпті

Өңірдегі "Ыбырай молда" мешітінің имамы Талғат Нұрман антикор қызметкері Серік Әбілқайыровқа 1 миллион теңге көлемінде пара берген,- деп хабарлайды newsroom.kz

Имам осылайша өзі туралы "деструктивті діни ағымды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелі бар" деген сыбыстан құтылмақ болған.

Айта кетеләк, осыдан кейін имам Талғат Нұрман ҚМДБ-ның қаулысымен қызметінен босатылды. Сот оны сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп таныды. Алайда оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.