weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Полицейлер тауда жоғалған Латвия азаматын тапқан

Латвиядан келген екі турист күтпеген жерден жолдан адасқан

Полицейлер тауда жоғалған Латвия азаматын тапқан
Фото: Видеодан кадр/ Polisia.kz

Ақтау тауында төтенше оқиға орын алды: Латвиядан келген екі турист күтпеген жерден жолдан адасып, топпен байланысын жоғалтып алған. Салдарынан ауқымды құтқару операциясы орындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция мәліметінше, Қазақстанға туристік фирма арқылы келген туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде орналасқан тау сілемін тамашалауға жолға шыққан. Алайда олар бағыт-бағдар мен байланысты жоғалтқан. Таудағы ауа-райының бұзылуы мен қараңғының түсуі жағдайды қиындатты.

Жоғалғандарды іздеуге Кербұлақ аудандық полициясы, ТЖД, еріктілер мен орманшылар жұмылдырылды. Операцияға тікұшақтар мен дрондар тартылып, таулы жерді әуеден мұқият зерттеуге мүмкіндік берді.

Деректерге сүйенсек, үмітін үзген туристер күтпеген жерден тікұшақтың дауысын естіп, белгі бере бастады. Көп ұзамай учаскелік полиция инспекторлары оларды анықтаған. Қажетті көмек көрсеткен құтқарушылар туристерді қауіпсіз жерге шығарып салды.

Туристер оларды құтқаруға атсалысқандардың барлығына алғыстарын білдіріп, қазақстандық полицияның жоғары кәсібилігін атап өтті.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→