Жаңалықтар

Еліміздің мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болмақ?

Синоптиктер 28 қыркүйек, сенбі күні Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтілетінін айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы ашық болмақ. Ауа температурасы күндіз +14 градусқа дейін көтерілсе, түнде +4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с болады.

Астанада жаңбыр жауады деп болжануда. Күндіз ауа +17 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы +6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,3 м/с.

Шымкентте бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Күндіз термометрлер +22 градусқа дейін көтерілсе, түнде +11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9,8 м/с болады.