Жаңалықтар

Астанада LRT маңында ер адамның денесі табылды

Астаналық оқырмандар ZTB порталына бейнежазба жолдаған. Бейнежазбаның кадрларында  LRT желісінде асылып қалған ер адамның денесін көруге болады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Елордалық полиция департаменті фактіні растады. 

 Нәжімеденова көшесіндегі құрылыста асылып қалған ер адам туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері 38 жастағы марқұмның кім екенін анықтады. Мән-жай анықталып жатыр, деп хабарлады ведомство.

Айта кетелік, полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр.