Жаңалықтар

Қостанайдағы автопаркте 5 автобус өртенді

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, түн ортасында «101» пультіне күзету қызметінен Қостанай қаласындағы автобус паркінің аумағында автомобиль боксынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, 27 қалалық автобустар мен бокс конструкцияларын өрттен аман сақтап қалды.

«Өрт алдын ала 220 шаршы метр алаңда оқшауланды. Нақтыланған ақпарат бойынша бокста 5 автобус жанған»,-делінген хабарламада.