Сараптама

“АЭС-ті салу электр қуатының жетіспеушілігін жояды”

«Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша инженері Ақжол Көкенов атом электр станциясы елімізге салыну қажет құрылыстың бірі деген пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz

-Елімізде АЭС салуды толықтай қолдаймын. Себебі, ол болашақта электр қуатының жетіспеушілігін жоятын болады. Қажетті деңгейде қуат көзін қолдану үшін қазірден бастап қамдану қажет. Бүгіннен бастасақ, ертең жемісін көреріміз анық. Сондықтан, 6 қазан күні референдумға барып, халық болып бір ауыздан дауыс беріп, атсалысайық!, - деді Ақжол Көкенов.