Сараптама

“Ел болашағы үшін АЭС маңызды”

Маңғыстау облысына іссапармен келген  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров  Қаражанбас және Қаламқас кен орындарының жұмысшыларымен кездесу барысында атом қуатының әлеуеті жөнінде әңгіме өрбітті,- деп хабарлайды newsroom.kz

- Маңғыстау облысында Кеңес Одағы бойынша жылдам нейтронды БН-350 реакторлық қондырғы жұмыс жасады. Ол кезде біз  электр қуатының 23-24%-ын пайдаландық. Артылған қуат көзі еліміздің батыс өңірін электр қуатымен қамтамасыз етті. Қазір энергия тапшылығы айқын білінеді. Сондықтан, болашақта АЭС  тиімді әрі тұрақты энергия өндіретін қуат көзі болмақ,- деді Бекбол Орынбасаров.

Жаңа заман талабына сай жасақталған АЭС құрылысы жиырмаға жуық елде жүріп жатыр. Түркия елінде де кешенді стратегиялық нысан салынып жатыр. Онымен қоса, жобаны өзге мемлекеттермен бірлесіп салу тәжірибесі әлем елдерінде сәтті жүзеге асуда. Сондықтан таяу болашақта Қазақстан аумағында АЭС салу еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына соны серпін беретін тың шешім болмақ.