Жаңалықтар

Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады?

Астана, Алматы мен Шымкенте 21 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін жетіп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,9 м/с болады.

Шымкентте де бүгін күн ашық болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 29 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,0 м/с деңгейінде болмақ.