Сараптама

ҚарТУ-да АЭС энергетикалық балансы талқыланды

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да «АЭС-тің ел энергетикалық балансын әртараптандырудағы рөлі» талқыланды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Елдің энергетикалық балансын әртараптандырудағы АЭС рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны «Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар» факультеті ұйымдастырып, модераторлықты ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мехтиев А.Д. жүргізді.

Дөңгелек үстелге университеттің оқытушылары, студенттері мен магистранттары, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар  "Эргономика" ЖЗҚ ЖШС директоры Добровольский И. В., "АСЭП"ЖШС атқарушы директоры Братцев С.А., "KEGOC" АҚ "Орталық МЭС" филиалының қосалқы станциялар қызметінің жетекші инженері Кучеренко А. В. және "Qarmet" АҚ БК"Энергоуголь" ҚБ бастығының экономика және персонал жөніндегі орынбасары Чернецкий В. В.  қатысты.

Жиынның басты мақсаты – елдің энергетикалық балансын әртараптандыру, көмірқышқыл газының төмен шығарындыларымен тұрақты және сенімді энергия көзін қамтамасыз ету бойынша пікір алмасу болды.

Талқылаудың басты назарында Қазақстанның энергетикалық саласына атом электр станцияларын енгізу және олардың ел экономикасы мен экологиясына ықпалы тұрды. 
Қауымдастырылған профессор, ЭАТФ деканы, Булатбаев Ф.Н, «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, Нешина Е.Г., «ӨПА» кафедрасының меңгерушісі Югай В.В. баяндамаларында елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырудағы рөлі туралы айтты.  
Шара барысында проректор Мехтиев А.Д. елдің энергетикалық жүйесінің тұрақты болашағын қамтамасыз етудегі АЭС-тің маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Қазақстан үшін төмен көмірқышқылдық энергетикаға көшу – уақыт талабы. АЭС бұл бағытта шешуші рөл атқара алады», – деп атап өтті ол.

Айта кетелік, Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, энергетика саласын дамытуға арналған бірқатар шешімдер ұсынды.