Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады?

Астанада синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкентте 19 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматы аспанын аздаған бұлт басады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,0 м/с болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 29 градусқа дейін жетіп, түнде 19 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,7 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...