Жаңалықтар

Алматыда шатырдан құлаған екі қыздың бірі белгілі экологтың қызы болып шықты

Алматыда шатырдан құлаған екі қыздың бірі белгілі экологтың қызы екені анықталды. Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алмалы ауданында болды. 7-сыныпта оқитын екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап, көз жұмды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Тұрғынның сөзінше, қыздар дене шынықтыру сабағынан сұранып кеткен. Ал мектеп күзетшісіне дүкенге баратындарын айтқан. Екі қыз да бұл тұрғын үйде тұрмайды екен.

Сондай-ақ, үй тұрғындарының сөзінше, сот-медициналық сарапшылар шатырды тексеріп, одан пышақтар мен таблеткалар тапқан. Ал полиция қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетелік, қыздардың бірі белгілі эколог Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.