weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматылықтар қала күнін атап өтуде

Арбат аумағында күні бойы «Туған күнім, Алматым» фестивалі өтеді

Алматылықтар қала күнін атап өтуде

Қыркүйектің үшінші жексенбісі, яғни бүгін алматылықтар қала күнін тойлап жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz 

Мегаполис мерекесіне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен бағдарлама жоспарланған.

Сонымен қатар, Арбат аумағында күні бойы «Туған күнім, Алматым» фестивалі өтеді. Онда алматылықтар суретшілер көрмесіне, қолөнершілер жәрмеңкесіне, шеберлік сабағына және басқа да іс-шараларға қатыса алады.

Сонымен қатар, мұнда жыл сайынғы Кітап Fest фестивалі өтіп жатыр.

Сондай-ақ Тұңғыш Президент атындағы саябақта жыл сайынғы «Алма Fest» фестивалі басталды.

Саябақтағы басты сахнада сағат 14:30-дан бастап Роза Рымбаева мен Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.

Айта кетелік, сағат 17:00-де Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show басталады. Сахнада Нағима Есқалиева, Мейрамбек Бесбаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Тунтеков және басқа да әншілер өнер көрсетеді.

Қала күні кешке «Көктөбе» телемұнарасында құттықтау шамдарының қосылуымен қорытындыланады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→