weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Криштиану Роналду бапкер болғысы келмейтінін айтты

Роналду жылына 200 миллион еуроға жуық жалақы алады

Криштиану Роналду бапкер болғысы келмейтінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду жаттықтырушы болуға деген амбициясының жоқтығын түсіндірді,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Маған бапкер болу қиынға соғады. Қазіргі футболшыларды дайындауға деген энтузиазм жоқ. Бұл әсіресе футболда қиын. Олар біздің тәжірибемізді үйренбейді. Кейінгі ұрпақ бәрін білемін деп ойлайды. Телефон, TikTok, әлеуметтік желілер жақсы үйретеді деп санайды», - дейді Роналду.

Ол басқа да алаңдататын мәселелер бар екенін, өмірінің тағы бір бөлігі, шабыттандыратын жұмысы бизнес екенін айтады.

«Бұл мен үшін жаңа әлем, өзім білмейтін саланы үйренемін. Мен өз бизнесіммен көбірек айналысатын боламын. Менің ойымша, бәрі жақсы болады», - деді 39 жастағы португалиялық футболшы.

Роналду қазір Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайды. Араб елінде ол жылына 200 миллион еуроға жуық жалақы алады. Бұған дейін шабуылшы «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтарында ойнаған.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→