Жаңалықтар

“Мақпал әпкеміз жасандылықтан таза жан”: Ләззат Ахатова әншінің бейнежазбасына пікір білдірді

Заңгер Ләззат Ахатова әнші Мақпал Жүнісованың талқыға түскен әлеуметтік желідегі бейнежазбасына қатысты өз Facebook әлеуметтік желісінде пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ләззат Ахатованың сөзінше, тек жаны таза адам ғана елдің өсегінен қорықпай, шынайы бет-бейнесін көрсете алады.

Туған бауырың да жаныңды түсінбей, "позорымды шығардың, сендей сіңлім барына ұялам" деген қандай ауыр.. Ол жағдай көп отбасыда бар. Өзіңнің бірге туған бауырың сәл сүрінгенде солай мұқатып, жаныңды ауыртса, өмірден түңіліп кетесің ғой. Бірақ солай айтқан әпкесі сіңлісінің артында өнерін сүйетін халық барын ескермей, артық сөйлепті. Ол кісіні Мақпалдың әпкесі деп танитын шығар, өзін ешкім білмейді. Мақпал әпкеміз жасандылықтан ада, таза жан.

"Еркелігін не үшін көтеруіміз керек?" деп жатқандар көтермей-ақ, неге қарамай, өтіп кете салмайды?) Ұнамаған нәрседен өтіп кете салуға сонша ақыл керек пе? Біреудің парақшасына кіріп, оқиды, көреді, сосын үйт, бүйт, неге үйтесің, бүйтесің деп, ақыл айтып отыратындарға басым жетпей-ақ қойды. Не десе де, не істесе де, Мақпал Мақпал боп қалады. Халықты сол шынайы қалпымен баурап алған өнер иесі,- деп жазды заңгер.

Айта кетелік, Халық әртісі Мақпал Жүнісова бүгін таңертең жариялаған видеосындағы сөздеріне қатысты пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады.

«Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. «Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім болғанына өкінемін» деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің әруағы қолдасын!», – деп жазды өнер иесі.