weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы сайысы жамбы ату өтеді

Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысатыны белгілі болды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы сайысы жамбы ату өтеді
Фото: newsroom.kz

Ертең V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы сайысы жамбы ату өтеді. Олар 8 қыркүйекте «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда бәсекеге түседі. Басталуы сағ.9.00,- деп хабарлайды newsroom.kz

Спортшыларымыз Жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша бақ сынасып, Көшпенділер ойынының алғашқы жеңімпаздары анықталатын болады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысатыны белгілі болды.

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді. Сондай-ақ, спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген. 

Айта кетелік, Жамбы ату – ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Дәстүрлі ат үстінде садақ ату жарысы 4 стильде өткізіледі: корей стилі, түрік стилі, венгр стилі, қазақ стилі (жамбы ату). Команда құрамында 4 спортшы болады және әр стиль бойынша бір спортшы сынға түседі. Жарыс жолының ұзындығы – 100 метр, ені – 3 метр

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→