Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам ақталып шығыпты
Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам ақталып шыққан. Істі прокуратура "қылмыстық құрам жоқ" деген себеппен тоқтатқан,- деп хабарлайды newsroom.kz
Айта кетейік, қылмыстық істің анық-қанығына ету үшін 90 парақтан тұратын сараптама тағайындалған еді.
Нәтижесінде, күдіктінің жазықсыз екені дәлелденді. Бірақ Алматы облыстық полиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырды. Қазір ер адам ақталып, бостандыққа шықты.
“12 ай бойы қылмыстық істі әуре-сарсаңға салып, дұрыс тергемей жүрген тергеушілердің ісіне Іле ауднының прокуроры Дидар Әскербеков мырза және де Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мырза өздері жеке араласып, қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп, бірінші сарапшының үстіне қылмыстық істің қозғалғаны және оның қорытындысы жалған боп шыққанына көздері жетіп, қылмыстық істі тоқтатып, адамның конституциялық құқығының қалпына келуіне көмек көрсетті”, – деді заңгер Ғабит Өмірбеков.