Жаңалықтар

ҰҚК ауған есірткі контрабандасының жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2024 жылдың тамыз айындағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.

– Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 келіге жуық гашиш алынды.Қазір осы факті бойынша тергеу жүргізілуде, – деп мәлімдеді ҰҚК. 
 

 

Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.