Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады
Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады. Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн. теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.