Жаңалықтар

СҚО-да құтырма ауруының 3 ошағы тіркелді

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері құтырма ауруының 3 ошағы тіркелді. 2 ит пен елдімекенге кіріп кеткен түлкіден қауіпті инфекция анықталды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше жағдай тұрақты. Аурудың таралуының алдын алу мақсатында 90 мың бас мал мен ит-мысыққа екпе салынды.

Айта кетелік, жалпы 250 мың үй жануарына вакцина егу жоспарланған. 

Сонымен қатар жабайы аңдарға да жұқпалы дертке қарсы дәрі берілуде. 24 800 дана арнайы брикет әзірленді. 

Мамандардың айтуынша, ол жабайы жануарлар жүретін жерлерге жем ретінде шашылады.