weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ШҚО полицейлері патрульдік қызметте Segway гироскутерлерін пайдаланады

Полиция департаментінде барлығы осындай төрт скутер бар

ШҚО полицейлері патрульдік қызметте Segway гироскутерлерін пайдаланады
Фото: Telegram/ Polisia.kz

Тәртіп сақшылары Өскемендегі жағалау аумағын және облыс орталығының саябақтарында патрульдеу үшін қос дөңгелекті электрлі құрылғыларды игерді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция департаментінде барлығы осындай төрт скутер бар. Оннан астам полиция қызметкері жүргізу курстарынан өтіп үлгерді және патрульдік қызмет көрсетуге дайын.

Батарея қуатымен жұмыс істейтін Segway полицияға арналған StreetSmart мүмкіндіктерімен, соның ішінде сирена және жыпылықтайтын шамдармен жабдықталған.

Сондай-ақ, гироскутерлер патрульдік қызметте және көліктер өте алмайтын саябақ аумақтарында, аллеялар мен алаңдарда тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланылады.

Бұл жаңашылдық уақытты айтарлықтай үнемдейді, сонымен қатар, жұмыс сапасын арттырады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→