Жаңалықтар

Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

Сапар барысында Президент өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорындарын аралап көреді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.

Айта кетейік, 13 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Президентке елорданың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілген еді.

Сондай-ақ,  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.