Бортта 61 адам болған: Бразилияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Апат себептері әзірге анықталмады

Фото: Stan.kz

Бразилияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 60-тан астам адам болған,-деп хабарлайды newsroom.kz

Авиакомпанияның хабарлауынша, ATR 72 қос моторлы турбовинт ұшағының бортында 62 адам болған: 58 жолаушы және төрт экипаж мүшесі. Кейінірек борттағылардың саны нақтыланды: билетті сатып алғандардың бірі рейске кешігіп келген, деп хабарлады Reuters агенттігі кешігіп келген адаммен байланысқан жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Осыдан соң Валинхош қаласының мэрі апаттан аман қалғандар жоқ деп хабарлады.Ұшақ Каскавелден Гуарулос әуежайына ұшқан.

Апат себептері әзірге анықталмады. 
Каскавелден ол жергілікті уақыт бойынша 11:46-да (Гринвич бойынша 14:46) ұшып шыққан. 13:21-ден бастап ол Сан-Паулу әуежайының диспетчерлерінің хабарламаларына жауап беруді тоқтатқан және бір минут ішінде радарлық экрандардан жоғалып кетті, деп хабарлады Бразилия әуе күштері.

Айта кетелік деректерге сүйенсек, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва өзі қатысып отырған іс-шарада бір минут үнсіздік жариялады.

"Өте өкінішті. Қаза тапқандардың отбасылары және достарының қайғысына ортақпын”, – деп жазды ол. 

Кейінірек ол елде қаза тапқандарға үш күндік аза тұту туралы жариялады.

Жүктелуде...