Қазақстандық танымал бизнесмен Нұрбек Оралбайға сыйлық жасады

Кезінде Алмас Италияда лицензциялық жарыста Олимпиадада алтын болса, өте қымбат алтын сағат сыйлаймын деп уәде еткен

Фото:

Жас кәсіпкер, продюсер Алмас Жали Олимпиадада бокстан күміс жүлдегер атанған Нұрбек Оралбайға алтын сағат сыйлады, деп хабарлайды newsroom.kz

"Кезінде Алмас Италияда лицензциялық жарыста Олимпиадада алтын болса, өте қымбат алтын сағат сыйлаймын деп уәде еткен. Нұрбек алтынға сәл жетпей қалды. Енді Лос-Анджелесте алтын аламын деп сөз беріп отыр", - дейді Парижге барған Мәжіліс депутаты Руслан Берденов.

Айта кетейік, бұған дейін отандық кәсіпкерлер Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовке, жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа автокөлік пен үйір жылқы сыйлаған еді.

Жүктелуде...