Түркияда ірі жол апаты орын алыпты

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апат салдарынан 13 турист зардап шеккен

Фото:  anterhaber.com

 

Түркияда ірі жол апаты болды. Жергілікті ақпарат құралдары мәліметінше, кем дегенде 13 турист жарақат алған. Олардың арасында қазақстандықтар мен ресейліктер бар, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы  anterhaber.com сайтына сілтеме жасап.

Жаңалық 8 тамызда жарияланған. Ресейлік және қазақстандық туристер мінген шағын автобус жол апатына ұшырағаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апат салдарынан 13 турист зардап шеккен.

"Апат бүгін таңертең сағат 07:00 шамасында Миляс пен Бодрум арасындағы жолда болды. Жүргізуші Е.Й. тізгіндеген жүк көлігі, ресейлік және қазақстандық туристер отырған А.К. тізгіндеген шағын автобусқа соқтығысқан", - делінген басылым хабарламасында.

Жүктелуде...