Жаңалықтар

Павлодар облысында екі жасар бала терезеден құлап кетті

Ақсу қаласында екі жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды newsroom.kz

Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының дерегінше, оқыс оқиға 3 тамызда Ақсуда болған. 103 пультіне 2022 жылы туған бала екі қабатты үйдің терезесінен құлап кеткені туралы ақпарат түскен. Дәрігерлер 3 минуттан кейін оқиға орнына жетті.

“Сағат 15:10-да баланы жедел жәрдем қызметкерлері Ақсу қаласының ауруханасына жеткізіп тексерді. Кешкі сағат 18:10-да бала облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөліміне жеткізілді. Оған ультрадыбыстық зерттеу, рентген жасалып, кезекші травматолог және хирург тексерді”, – делінген облыстық балалар ауруханасының хабарламасында.

Бүлдіршінге мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң қол мен аяқтың жарақаты деген диагноз қойылып, травматологиялық бөлімге жатқызылды. Баланың жағдайы – орташа ауыр.